RSS

Қошқар мүйіз


Бұл өрнек – қазақ оюынын ең көне элементерінің бірі. Ол көшпелі тайпалардың тұрмыс күйінен туған. «Қошқар мүйіз» өрнегімен, әдетте, композицияның орта тұсы әшекейленеді. Киіз бұйымдарында(текемет,сырмакта), тоқымаларында (басқұр, алаша, кілемде), сондай-ақ былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарда кездеседі. Бұйымдардың кейбір түрлерінде бұл ою түсті шүберектерден ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде тігіледі. Оны бояуға қызыл, жасыл, қоңыр, ақ, қара түстері қолданылады.

 
Leave a comment

Жариялаған: on Сәуір 9, 2011 | Uncategorized

 

Қол өнеріміз өшпесін.

Өнерін оюлаған қазақ,
Бір үзім нанды өзгеге бөліп жеген қазақ,
Тар жол тайғақ кешкен қазақ,
Аланың нұры жауып,
Абайдай ұл туған қазақ,
Әлия мен Мәншүктей қыз туган қазақ,
Қол өнеріміз өшпесін.

 
2 Comments

Жариялаған: on Наурыз 31, 2011 | Uncategorized

 

Гүл

Халықтың қолөнер бұйымындары өсімдік үлгілес өрнектермен жиі әшекейленген. Табиғатқа тән түрлерді  жинақтап, ой елегінен өткізе келе, халық шеберлері оюдың мейлінше айшықты және ықшамды болуына баса назар аударған. Бұймның бетіне бос орын қалдырмай, толығымен орналасқан мұндай өрнектер затқа тартымды әрі әсем әр береді.

«Гул» өрнегімен, көбінесе, үй іші жасауларын: тұс киіздерді, сүлгілерді, қоржындарды әшекейлейді. Түстері сары, қына сары, қызыл, қызғылт, қан қызыл түстерге боялады. Суретте  гул оюы барлық жеріне қолданылған.

 
Leave a comment

Жариялаған: on Наурыз 31, 2011 | Uncategorized

 

Бестаңба

Оюдың бұл түрі дүниенің төрт бұрышын шартты түрде бейнелеу ұғымын білдіреді. Алаша және баскұр тоқуда, сондай-ақ ағаш бұйымдары: сандық, кереует, кебеже әшекейінде кездеседі. Суретте кілемнің ортасын бөліп бинеленген төр бұрышты оюлар.

 
Leave a comment

Жариялаған: on Наурыз 31, 2011 | Uncategorized

 

Қайнар

«Қайнар» өрнегі жайылымдар мен суаттардан тапшылық көрген малды өлкеде өмірге келуі ықтымал. Бұл оюдың түпкі мәнісі салқын  түстер қолданған: көгілдір, сия көк бояуларды қолданған. Суретте шеңбердің жектерінде қолданған.

 
2 Comments

Жариялаған: on Наурыз 31, 2011 | Uncategorized

 

Орнын тапқан оюлар

Мен өзімнің жұмыстарымда тосықтың бетіне оның пішініне қарай қазақтың оюларын саламын, мына торсықта жоғарғы жағы тік келгендіктен оған геометриялық оюлар салынады төменгі жағына қошқар мүйді оюмен өсімдік тәріздес ою салынған бұл екі ою бір- бірімен үйлесін тапқан. Қазақ халқы оюларды салғанда пішінене қарай үйлестіре салған.

 
Leave a comment

Жариялаған: on Наурыз 31, 2011 | Uncategorized

 

Балта тәріздес ою


Бұл оюдың түрі балтаға ұқсас келеді. Мұндай ою тысқаптарда, кесеқаптарда, тұс киіз, төсек жапқыш және орамал кестелерінде, алаша мен басқұр өрнектерінде кездеседі. Олар қызыл, қоңыр, көк, қара түстерге боялады. Суретте балта таріздес ою екінші қатарындың жиектерінде қолданған.

 
1 Comment

Жариялаған: on Наурыз 31, 2011 | Uncategorized

 

Тұмарша


«Тұмарша» оюы үшбұрыш үлгілес болып келеді. Осындай тұмарлар тіл-көзден сақтау үшін үй жануарларының, бойтұмар ретінде балалардың мойнына тағылатын. Бұл өрнек кілем бұйымдарының жиегінде текеметтің орта тұсын көмкеруде кездеседі. Оюлар қара, көк, қан қызыл, қоңыр түстерге боялады. Тұмарша оюы суретте текеметтің жектерінде қолданған.

 
Leave a comment

Жариялаған: on Наурыз 31, 2011 | Uncategorized

 

Ою өрнек әлемі.

 
Leave a comment

Жариялаған: on Наурыз 31, 2011 | Uncategorized

 

Қамшы

Қазақтың ең қасиетті бұйымы – қамшы. Оның көп үйдің төрінде ілулі  тұратыны сондықтан. Ер кісілердің «әкел камшыны, кемпірді бір сабап алайын»,- деп қоқаңдап қоятын жеңіл әзілдері де бар. Қамшы бар үйде жын- жайтан жоламайды. Ол үйдің иесі бар. Үйге келген кісіде сыпайы келіп сыпайы кетеді. Өйткені оны қамшының мысы басады. Қазақ еш уақытты «қанша балаң бар» деп сұрамаған. Керегеде ілулі тұрған қамшынын санына, қалай жасалғанына қарап-ақ ол үйдің қанша баласы бар, оның нешеуі ұл, нешеуі қыз, қай баласы қандай кәсіппен айналысатынын айтқызбай білген.

Қамшының бірнеше түрлері, атаулары да болған. Соның бірі Неке қамшы. Мұндай қамшыны қызға үйленер кезде жігіт жолдасы тобылғыдан жасап, таңдап алады Қамшыда қызға арналған тасы болады. Тасы бар қамшыны ғана таңдайды.

Дойыр қамшы. Жуан, салмақты таспадан өріледі. Мұндай қамшыны барымташы, жаугершілер ұстайды. Ондай қамшының өрімі ұзын болады.

Аңшыларға арналған ұзын қамшылар да болады. Оның ұшына қорғасын салынған. Бұл қамшымен сиыр айдаған. Ұзындығы екі үш құлаш болады.

Үйір қамшы. Оның сабы үш буынды болады. Онымен жылқы айдағанда шалма ретіндеде пайдаланған.

Ер азаматтардың «қамшы әкел» деп қоқаңдауының бір жағынан реті де жоқ. Қазақ әйел баласна қол жұмсамаған. Еркелетіп еркін ұстаған. Рас әйелге бір ақ-рет қамшы сілтеген кезі болған. Қазақтар ерте ұйленген ғой. Жауынгерлік заман. Соғысқа жауынгерлік парызын өтеуге атанар алдында әйелі « Аман – сау қайтар ма екенсің» деп, артынан ілесіп жылап жүгіріп келе жатқанда, қамшымен бір салып кетеді екен. Сонда әйелі қамшыны сәл ауырсынып, ер-азаматтардың аяғына оралмай қалып қойады. Егер сол жорықта ері жазым болып қайтыс болса, «өлеріңді біліп, кеуілің суысын деген екенсің ғой» , – деп жоқтау айтқан. Ал ері аман-есен келсе, «мен жоқта өзгеге көз салмасын дегенің ғой» деп ұғады екен.

Қамшы сыйлау – үлкен құрметтің белгісі. Оны сыйлаудыңда өзіндік жолдар болған. Өзінен кіші болса сол қолмен, қыз балаға өрім жағынан, ал үлкен кісі болса сабынан ұстатады. Елуге дейін тобылғы сапты қамшы, ақсақалдарға «елуден астың, ел ағасы болдың, бұл қарттықтың басы» деп,тұяқ басты қамшы сыйлаған. Тау ешкінің бас аса бағалы болып есептеледі. Оны жонып әшекейлеп, әр түрлі әдемі тастармен өрнектеген. Емші-балгерлердің қамшысы болады. Ондай қамшы саудаға салынбайды. Оны бата берген адамдарға ризашылықпен береді.

Негізінен қамшы төрт өрімді, алты өрімді, сегіз өрімді, он екі өрімді, тіпті жиырма төрт өрімдіге дейін жасалады. Сегіз өрімге дейінгі қамшы мал терісінен жіңішке таспа тіліп өріліді. Он екі өрімді, сегіз өрімді қамшылар тарамстан (тірсек сіңір) өріледі. Олардың ұшына салмағы ауыр әрі өтімді болу үшін қорғасн қосып өреді. Ондай қамшыларды, бармтаға барғанда, төбелесу үшін пайдаланады. Аң аулауға шықанда сондай қамшылар қолданылады.

Қамшының сабы елік тұяғынан, тауешкінің мүйзінен, тобылғы сияқты мықты ағаштардан жасалғанда-төрт тұтам, тауешкі, елік, қарақұйрық сирақтарынан жасалғанда, үш тұтам етіп жасалады. Мал айдайтын, арба, шанада ат айдайтын қамшылар таспадан екі-үш құлаш ұзындықта жасалады. Ер жігіттің қаруы ретінде әр азаматта қамшы болған.

 
5 Comments

Жариялаған: on Наурыз 30, 2011 | Uncategorized

 
 
Follow

Get every new post delivered to your Inbox.