
Бұл өрнек – қазақ оюынын ең көне элементерінің бірі. Ол көшпелі тайпалардың тұрмыс күйінен туған. «Қошқар мүйіз» өрнегімен, әдетте, композицияның орта тұсы әшекейленеді. Киіз бұйымдарында(текемет,сырмакта), тоқымаларында (басқұр, алаша, кілемде), сондай-ақ былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарда кездеседі. Бұйымдардың кейбір түрлерінде бұл ою түсті шүберектерден ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде тігіледі. Оны бояуға қызыл, жасыл, қоңыр, ақ, қара түстері қолданылады.